Ресми статистикаға сүйенсек, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайып келеді

Фото: https://www.shutterstock.com/

Биылғы қаңтар–қараша айларында елімізде тұрмыстық салада 841 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,9% аз.

Тіркерлген істердің 97,6%-ы жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты: 821 іс — бір жыл бұрынғыдан 7,9% аз. Бұл құқық бұзушылықтардың басым бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр (327 іс) және орташа ауыр (295 жағдай) зиян келтіру, сондай-ақ адам өлтіру (99 іс) болды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылар сонымен қатар меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық (9 жағдай) және басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық (4 іс) жасаған.