Теледидар кез-келген қазақстандық отбасында бар, тіпті өмір сүру деңгейі төмен мекендерді қоса алғанда

Фото: https://www.shutterstock.com/

22 просмотров

Былтыр 11,7 мың үй шаруашылықтары арасында жүргізілген ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының сауалнамасына сәйкес, халықтың теледидармен қамтамасыз етілуі 99,9% болды. Қалалық жердегі отбасыларда 99,9%, ауылдық жерлерде 100% теледидар болған. ҚР-дағы әрбір 100 үйге орта есеппен 115 теледидар келеді.

Өңірлер бойынша Қарағанды (99,9%), Ақтөбе (99,8%) және Ақмола (99%) облыстарын қоспағанда, басқа облыстар 100% теледидармен қамтамасыз етілген. Былтыр осы кезеңде 17 өңірдің ішінен Қарағанды (99%), Ақмола және Қостанай (99,8%) облыстары толық теледидармен қамтамасыз етілмеген еді.

Тұрғын үйді абаттандыру түрі ретінде телехабар тарату түріне келетін болсақ, сауалнамаға қатысқандардың 43,3%-ы кабельдік теледидар қызметін пайдаланады, бір жыл бұрын көрсеткіш 40,3% болған. 32,2%-ы спутниктік теледидар қызметін пайдаланады (2021 жылғы 32,6% болған), 24,5%-ы эфирлік теледидар қызметін пайдаланады (бір жыл бұрын 27,1% болған).

Өңірлер бойынша спутниктік теледидар қызметін көбіне Алматы (65,3% үй), Жамбыл (54,9%) және Солтүстік Қазақстан (54,9%) облыстарының тұрғындары, ең аз астаналықтар (3,7%) пайдаланды.

Кабельдік теледидар Алматы (84,5%), Астана (76,3%) және Павлодар облысының (65,6%) тұрғындары арасында танымал, ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында (1,1%) байқалды.

Эфирлік теледидар көбіне Ақтөбе (94,5%), Түркістан (73,6%) және Қызылорда (49,1%) облыстарының тұрғындарында, ең аз Маңғыстау облысында (0,4%).

Теледидар кез-келген қазақстандық отбасында бар, тіпті өмір сүру деңгейі төмен мекендерді қоса алғанда