«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа бассейніне мониторинг жасайтын метеопосттар бар 69 қала мен ауылдар ішінде төрт елді мекенде ауаның ластану деңгейі өте жоғары, оның үшеуі облыс орталықтары мен мегаполистер: Қарағанды, Алматы және Астана (төртінші қала — Абай). Қарағанды мен Астанада ластанудың стандартты индексінің (СИ) деңгейі ең жоғары, ал үш қалада да ластанудың ең жоғары жиілігі (ЕЖ) бойынша ең жоғары көрсеткіштер байқалды.
Ластану деңгейі жоғары бес елді мекен бар: Өскемен, Семей, Петропавл, Жезқазған және Түркістан.
Өкінішке қарай, облыс орталықтары мен мегаполистердің ішінде таза деп бір ғана қаланы айтуға болады, ол — Қызылорда.