2022 жылдың төртінші тоқсанында қазақстандықтардың табысы жан басына шаққанда 252,4 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7% артық. Ескерту: осы кезеңде жылдық инфляция деңгейі 19,6%-ға жетті.
Өңірлер бойынша ең көп табыс елордада тіркелді: жан басына шаққанда 357,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 16,2% артық.
Екінші орында Қарағанды облысы болды: 354,9 мың теңге, 23,1% көбейген. Үздік үштікті Ұлытау облысы жапты: 339,1 мың теңге. Алғашқы бестікке Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстары да кірді.
Ең төменгі табыс Түркістан облысының тұрғындарында: жан басына шаққанда небәрі 163,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 23,7% көп және республикалық орташа көрсеткіштен бірден 35,3% төмен.