2023 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың ақшалай табысы жан басына шаққандағы орташа есеппен 298,2 мың теңгені құрады, бұл 2022 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда бірден 21,5% көп. 2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда үй шаруашылықтарының табысы 5,1% өсті.
Салыстыру үшін: бір жыл бұрын жеке табыс өсімі бір жылда 16,5%, бір тоқсанда 3,1% құрады.
Бұл ретте инфляция деңгейі 2023 жылдың үшінші тоқсанында жылдық мәнде 12,9% және өткен тоқсанмен салыстырғанда 1,7% болды.
Қазақстанның 20 өңірінің 9-да табыс орташа республикалық деңгейден жоғары. Ең жоғары көрсеткіш Астанада: орта есеппен жан басына шаққанда 430,3 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 27% артық.
Алматы қаласы екінші орынға шықты, онда халықтың табысы бір жылда 34,1% өсіп, 392,1 мың теңгені құрады. Үздік үштікті Қарағанды облысы аяқтады: бір адамға 379,7 мың теңге, бір жылда 14,2% өсті. Алғашқы бестікке Шығыс Қазақстан (361,4 мың теңге) және Ұлытау (353,3 мың теңге) облыстары да енді.
Халықтың табысы ең төмен Түркістан облысында: жан басына шаққанда 212,5 мың теңге – 2022 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 35,8% көп. Одан кейін Жамбыл облысы (213,7 мың теңге), Шымкент (221,8 мың теңге), Қызылорда (226,3 мың теңге) және Жетісу (227,9 мың теңге) облыстары.