ҚР-да минералды су бір жылда 37% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

2023 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша, газдалған сусын бір жылда 27,9%, минералды су — 36,6%, газдалмаған сусын — 37,4% қымбаттады.

Анықтама үшін: бір жыл бұрын бағаның өсуі айтарлықтай болғанымен, әлдеқайда аз болды. Мәселен, газдалған сусын — 10,4%, минералды су — 14,9%, газдалмаған сусын — 8,6% қымбаттаған еді.

Өңірлер бойынша 2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда минералды су құнының өсуі Ұлытау облысында 14,9%-дан Жетісу облысында 62%-ға дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсуі Батыс Қазақстан (55,1%), Қызылорда (51,8%) және Павлодар (48,3%) облыстарында да байқалды.

Газдалмаған сусындар Батыс Қазақстан облысында айтарлықтай өсті: 77,2%. Атырау облысында бір жарым есе қымбаттаса, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 48,3%-дан қымбаттады.

Газдалған сусындар Ақмола және Ақтөбе облыстарында ең көп өсті: сәйкесінше 43,3% және 42,9%. Бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда облысында да байқалды: 40,2%.

ҚР-да минералды су бір жылда 37% қымбаттады