2023 жылдың ақпан айында фармацевтикалық өнімдер бір айда 1,2% қымбаттады. Былтыр ақпан айында да секторда баға осыншалықты өскен еді.
Былтыр фармацевтикалық өнімдер ең қатты қымбаттаған ай наурыз және сәуір айлары (1,7%), одан кейін қазан (1,6%) болған еді.
Жылдық динамикада фармацевтикалық өнімдер 13,6% қымбаттады, бұл 2017 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары жылдық өсу қарқыны.
Өңірлер бойынша биыл ақпанда фармацевтикалық өнімдер бір жылда Алматы облысында 7,2%-дан Алматы қаласында 21,2%-ға дейін қымбаттады. Маңғыстау (18,3%), Солтүстік Қазақстан (15,4%) және Қызылорда (15,3%) облыстарында да айтарлықтай өсім байқалды.