Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, әуе жолаушылар көлігі қызметі бір жылда 21,3% қымбаттады.
Өңірлер бойыша ең көп Абай облысында қымбаттады: екі есеге жуық (94,2%-ға) өсті. Одан кейін Қостанай (64,4%), Батыс Қазақстан (47,9%), Шығыс Қазақстан (47,8%) облыстары және Алматыда (42,8%) айтарлықтай қымбаттады. Ең аз жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: 2,6%.
Жамбыл облысында жыл бойы баға өзгерген жоқ. Тағы төрт облыста — Павлодар, Алматы, Қарағанды және Ұлытау облыстарында баға төмендеді.