Ерлер, әйелдер және өмір сүру ұзақтығы: демографтардың болжамы қандай?

Фото: https://www.shutterstock.com/

368 просмотров

Өмір сүру ұзақтығы — әлем халқының әл-ауқатының маңызды көрсеткіштерінің бірі. БҰҰ дерегінше, 1950 жылы әлемде орташа өмір сүру ұзақтығы 46,5 жасты құраса, 2019 жылдың өзінде 72,8 жасты құрады, яғни 56,7% (немесе 26,3 жас) көбейген.

1950 жылдан бері медицинаның, технологияның және өмірдің басқа да салаларының дамуымен әлемде өмір сүру ұзақтығы 2019 жылға дейін шарықтау шегіне жеткенше жыл санап өсті. Әрі қарай, барлық елдерді қамтыған коронавирус пандемиясының пайда болуымен 2020 жылы адам өмірінің ұзақтығының көп жылдардағы алғашқы төмендеуі тіркелді: 72 жасқа дейін (0,8 жылға төмендеді). Ал 2021 жылы сарапшылар өмір сүру ұзақтығының тағы бір жылға, яғни 71 жылға дейін төмендегенін байқады.

Жынысы жағынан алғанда, 1950 жылы ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 44,6 жасты, әйелдердікі — 48,4 жасты, ал 2019 жылы ерлердікі — 70,2 жасты, әйелдердікі — 75,4 жасты құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш ерлерде 69,4 жас, әйелдерде 74,8 жас, ал 2021 жылы ерлерде 68,4 жас, әйелдерде 73,8 жас болды.

Сонымен бірге гендерлік алшақтық ұлғайып келеді. Мәселен, 1950 жылы бұл айырмашылық 3,8 жыл болса, 1990 жылы ол 5 жыл болды, 2010 жылы 5,1 жыл, 2019 жылы 5,2 жыл, 2020 және 2021 жылдары 5,4 жыл болды.

БҰҰ-ның болжам деректеріне сәйкес, өткен 2022 жылы, биыл және одан кейінгі 2100 жылға дейін адамдардың өмір сүру ұзақтығы артады. 2022 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 71,7 жас болса, биыл 73,4 жас, 2050 жылы 77,2 жас, 2100 жылы 82,1 жас болады деп күтілуде.

Ерлер үшін 2022 жылға болжамды көрсеткіш — 69,1 жас, әйелдер үшін — 74,4 жас; 2023 жылы ерлер үшін — 70,8 жас, әйелдер үшін — 76 жас; 2050 жылы ерлер үшін — 74,8 жас, әйелдер үшін — 79,8 жас; 2100 жылы ерлер үшін — 79,9 жас, әйелдер үшін — 84,3 жас.

Ерлер, әйелдер және өмір сүру ұзақтығы: демографтардың болжамы қандай?