Биылғы қаңтар қорытындысы бойынша, дәретхана қағазы өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 51,7% қымбаттаған.
Өңірлер бойынша ең жоғары баға өсімі елордада тіркелді: бірден 83% қымбаттады. Одан кейін Атырау (71,6% қымбаттады), Абай (69,7%) және Павлодар (68,5%) облыстары мен Алматы қаласы (67,2%).
Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: 13%.
