2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1,6%, бір жылда 25,3% өсті.
Ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік бағасы ең көп қымбаттаған Жамбыл (2,5%), Қостанай (2,5%) және Түркістан (2,4%) облыстары. Ал ең аз қымбаттаған өңір Шымкент қаласы (0,7%).
Жылдық динамикада ең қатты қымбаттаған өңір Маңғыстау облысы: 31,6%. Одан кейін Түркістан және Жамбыл облыстары: тиісінше 27,5% және 26%.
ҚР 20 өңірінің 10-да азық-түлік тауарлары бағасының жылдық динамикада қымбаттауы орташа республикалық деңгейден жоғары болды.
