Биылғы жылдың басында елімізде 1,6 млн жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 24,3% артық. Барлық ЖК субъектілерінің 93,1%-ы жұмыс істеп тұр, олардың саны бір жылда 30,7% өсіп, 1,5 млн-ға жетті.
Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің үштен бірінен астамы (36,5%) көтерме-бөлшек сауда және автожөндеу саласында: 539,2 мың жеке кәсіпкерлер — бір жыл бұрынғыдан бірден 47,2% артық.
Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің ең көп жұмыс істейтін салалары агроөнеркәсіптік кешен, жылжымайтын мүлікпен операциялар, өңдеу өнеркәсібі және көлік-логистика секторы.
![Жеке кәсіпкерлердің көпшілігі қай салаларда жұмыс істейді?](https://ranking.kz/wp-content/uploads/2023/01/1kz-14.png)