2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша, бидай мен меслиннің экспорттық бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір айда 1,1%, бір жылда 10% өсті. Бір қызығы, егер ТМД елдеріне баға бір жылда 2,8% қымбаттаса, басқа елдерге бірден 24,6% қымбаттады.
Жалпы, 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында ҚР-дан бидай мен меслин экспорты 6,3 млн тоннаға, ақшалай 1,9 млрд АҚШ долларына жетті. Өсім физикалық мәнде 9,7%, ақшалай түрде 33,8% құрады.
Экспорттың басым бөлігі ТМД елдеріне жіберілді: 4,7 млн тонна, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,1% артық. Мұнда негізгі көлем Өзбекстанға жөнелтілді: 824,8 млн АҚШ долларға 3 млн тонна астық сатылды. Үздік үштікке Тәжікстан мен Түркіменстан да кірді.
ТМД-дан тыс елдерге 1,7 млн тонна бидай мен меслин жөнелтілді, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 3,5% артық. Мұнда экспорттың басым бөлігі Ауғанстанға тиесілі: 194,3 млн АҚШ долларына 686,7 мың тонна. Үздік үштікке Иран мен Италия да кірді.