Биылғы жылдың басында республикада аралас отынмен жүретін 322,4 мың жеңіл автокөлік болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,5% артық. Мұндай автокөліктердің үлесі ҚР-да тіркелген барлық көліктердің 8,2%-ын құрады.
Өңірлер бойынша аралас отынмен жүретін жеңіл автокөліктердің басым бөлігі Маңғыстау облысында тіркелген: 74,3 мың автокөлік — бір жыл бұрынғыдан 3,6% артық. Екінші және үшінші орында Ақтөбе (35,8 мың, 6,4% көбейген) және Түркістан (23,1 мың, 27,7% көбейген) облыстары орналасқан.
Бұл ретте ҚР-да электр қуатымен жұмыс істейтін автокөліктер саны бір жылда 65,4% өсті, дегенмен саны бар болған 812 ғана. Мұндай айтарлықтай өсім 2017 жылдан бері және көрсеткіштің ұзақ мерзімді төмендеуінен кейін алғаш рет байқалды. Дегенмен, ҚР-дағы электрмен жүретін көліктердің үлесі жалпы автокөліктер санының елеусіз 0,02%-ын құрады.
Электр көліктерінің басым бөлігі Алматы тұрғындары арасында тіркелген: былтырғы жылдың басында 43-і ғана болса, қазір олардың саны 420. Екінші орында Солтүстік Қазақстан облысы: 108. Үздік үштікті Астана жапты: бір жыл бұрынғы 35 көлікпен салыстырғанда қазір 61.