Электрокөліктердің жаһандық сатылымы өсуде, дейді ev-volumes сарапшылары. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 6 млн жаңа BEV* және PHEV** жеткізілді — бұл 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 40% көп. Бұл көліктердің 4,27 млн-ы BEV, 1,76 млн-ы PHEV болды.
BEV және PHEV сатылымдарындағы компаниялардың арасында қытайлық BYD Auto әзірше көшбасшы. Одан кейін Tesla Ins, VW Group, Stellantis, GM incl, Wuling.
Tridenstechnology.com сайтының мәліметінше, 2022 жылы ең көп сатылған электромобиль Tesla Model Y болды: 771,3 мың электрокөлік. Екінші және үшінші орында BYD Song Plus (477,1 мың электрокөлік) және Tesla Model 3 (476,3 мың электрокөлік).
* батареямен жұмыс істейтін электрокөлік
** қосылатын гибрид