ҚР-дағы цифрландыру деңгейі әлемдегі орташа деңгейден ғана емес, сонымен қатар көптеген дамыған елдердің көрсеткіштерінен де айтарлықтай жоғары. Биыл Қазақстан БҰҰ мониторингіне енгізілген 193 елдің ішінде электронды үкіметті дамыту бойынша 28-ші орынға шықты, ал 2020 жылы 29-шы орынға ие болғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Қазақстан ТМД мен Орталық Азия елдерін ғана емес, сонымен қатар Ирландия, Канада, Италия, Бельгия, Чехия және т. б. секілді алдыңғы орындағы мемлекеттерді де айтарлықтай басып озды. Сонымен қатар, азаматтардың электронды қатысу рейтингінде (E-Participation Index, EPI) рейтингінде Қазақстан 15-ші орынға ие болды, бұл әлемдегі ең күшті көрсеткіштердің бірі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтерді цифрландырудың маңыздылығына тоқталып, атап айтқанда, елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды форматта жүзеге асырылып жатқанын және бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін атап өтті.
ҚР-дағы рәсімдердің ашықтығына және тарифтерді белгілеу үдерісіне оң әсер еткен қызметтерді табысты цифрландыру мысалдарының бірі 2019 жылы «Монополист» электронды деректер базасын іске қосу. Мәліметтер базасы табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) және әлеуметтік маңызды нарық субъектілерінің (ӘМНС) барлық қызметін цифрландыруға арналған.
Естеріңізге сала кетейік, халықтың өмір сүру деңгейі, баға саясаты және негізгі әлеуметтік маңызы бар салалардың жағдайы, айталық, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым және т. б. тікелей әсер етеді.