Өсімдік майы бір жылда 9% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

17 просмотров

Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша, өсімдік майының құны бір жылда 8,6% қымбаттады. Оның ішінде күнбағыс майы 8,3%, зәйтүн майы 20,6% қымбаттады.

Өңірлер бойынша өсімдік майы бағасының ең елеулі өсімі Қарағанды ​​облысында болды: бір жылда 17,9%. Одан кейін Астана мен Маңғыстау облысында айтарлықтай қымбаттады. Бағаның ең аз жылдық өсімі Алматы облысында байқалды: 3,2%.

Күнбағыс майы негізінен Қарағандыда, зәйтүн майы Павлодар облысында қымбаттады. Күнбағыс майы бағасының ең аз өсімі Алматы облысында, зәйтүн майы Ұлытау облысында аз қымбаттады.

Өсімдік майы бір жылда 9% қымбаттады