Некеге отырушы әрбір бесінші қазақстандық 35 жастан асқан

Фото: https://www.shutterstock.com/

3 просмотров

Бұрындары бүкіл әлемде және оның ішінде Қазақстанда да «жас отбасы» десе шаңырақ көтерушілердің жастар екені түсінікті болатын. Алайда қазір жағдай өзгеріп келеді, Қазақстанда да жаһандық үрдіс байқалады.

Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2011 жылы тұрмысқа шығып жатқан қыздардың ішінде 35 жастан асқандарының үлесі небәрі 8,6%-ды құраса, бес жыл бұрын, яғни 2016 жылы — 10,5%-ды, 2019 жылы — 13%-ды, ал жылы 2021 жылы — бірден 15,5%-ды құрады.

Ерлер үшін жағдай тіпті өзгерген: егер 2011 жылы некеге тұрушы ер азаматтардың ішінде 35 жастан асқандар үлесі тек 13,7% болса, 2016 жылы — 15,7%, 2019 жылы — 18%, ал 2021 жылы — бірден 20,3% болды. Яғни, шаңырақ көтеріп жатқан әрбір бесінші қазақстандық ер азамат 35 жастан асқан.

Жаңа отбасы әрқашан жас жұбайлар үшін жеке баспана қажеттілігін білдіреді. ҚР-да 35 жасқа дейінгі жастар үшін қандай бағдарламалар жұмыс істейтіні туралы жоғарыда жазған болатынбыз. Бірақ жас отбасы құрылып, ерлі-зайыптылар «жас» деген анықтамаға сәйкес келмесе ше? Мұндай жағдайдың республикада жыл өткен сайын жиі орын алатынын көріп отырмыз, ал жастар бағдарламасы бұл отбасылардың баспана мәселесін шешпейді. Бұл жағдайда Отбасы банкінен «Жас отбасы» бағдарламасына жүгінуге болады. Бағдарлама жақында шаңырақ көтерген барлық қазақстандықтарға арналған және оған қатысу үшін жасыңыздың нешеде екені маңызды емес, ең бастысы жақында ғана үйленген болсаңыз жеткілікті.