Мемлекеттік басқару мен қорғаныс саласына инвестиция екі еседен астам өсті

Фото: https://www.shutterstock.com/

3 просмотров

Биылғы қаңтар–қазан айларында мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 93,3 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 2,4 есе артық. Инвестицияның нақты өсімі 2,2 есе.

Салыстыру үшін: 2021 жылдың осы кезеңінде керісінше 29,4% төмендеп 39,6 млрд теңге болған.

Қаржыландыру көздері бойынша күрделі салымдардың 62,1%-ы республикалық бюджеттен қамтамасыз етілді: 58 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 4,8 есе артық.

Жергілікті бюджеттен 28,4 млрд теңге (бір жылда 9,6% көбейген) түсті, банктік емес қарыз қаражат есебінен 5,6 млрд теңге (бір жыл бұрынғы 3 млн теңге болған), кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен 1,4 млрд теңге (18,6% азайған).