Күріш бір жылда 44% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

29 просмотров

Биыл сәуір айында Қазақстанда орташа есеппен күріштің келісі 568 теңге болды. Жыл басынан бері бағаның өсуі 14,1%-ды, ал бір жыл ішінде бірден 43,9%-ды құрады.

Былтыр бұл жарма бағасының рекордтық өсуімен де ерекшеленді: 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша күріш бір жылда бірден 36,5% қымбаттады. Қазақстанда күріш бағасының мұндай жоғары көтерілуі соңғы жылдары байқалмаған.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша, 2022 жылдың желтоқсан айында елде бұл өнімнің бір килосы орташа 502 теңгені құрады, ал кейбір ірі қалаларда оның құны әлдеқайда жоғары болды. Мысалы, елордада 2022 жылдың желтоқсан айында күріштің килосы 707 теңге, Оралда 652 теңге, Атырауда 638 теңге, Ақтөбеде 595 теңге болды.

Күріш бір жылда 44% қымбаттады