ҚР-ға тікелей шетелдік инвестиция ағыны шамамен 18% өсті

Фото: https://www.shutterstock.com/

2022 жылы Қазақстанға жалпы тікелей шетелдік инвестиция ағыны 28 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 17,7% өсті. Айта кетейік, 2022 жылы шетелдік инвестицияның ағыны соңғы жылдардағы рекорд орнатты: бұрын жоғары көрсеткіш тек 2012 жылы (28,9 млрд АҚШ доллары) тіркелген болатын.

Инвестицияның өсуі 2020 жылғы «коронадағдарыстың» төмендеуінен кейін екінші жыл қатарынан байқалады. Жалпы, 2005 жылдан бері Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияның ағыны 383 млрд АҚШ долларын құрады.

2022 жылы шетелдік инвестицияның ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде тау-кен өнеркәсібіне түсті: 12,1 млрд АҚШ доллары немесе жалпы көлемнің 43,4%-ы. Үздік 3 салаға сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі (5,6 млрд АҚШ доллары) және сауда (5,1 млрд АҚШ доллары) кірді. Осы үш сектор барлық тартылған инвестицияның 81,5%-ын құрады.

ҚР-ға тікелей шетелдік инвестиция ағыны шамамен 18% өсті