ҚР-да есірткі қылмысы бойынша ТМД-ның қай елдерінің азаматтары жиі ұсталады?

Фото: https://www.shutterstock.com/

9 просмотров

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, есірткі құралдарының, психотроптық немесе улы заттардың, сол тектестердің және прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша 1,1 мың адам ұсталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,4% артық. Оның ішінде бұрын құқық бұзушылық жасаған 91 адам, кәмелетке толмаған 5 адам, әйелдер 52 адам.

Тәртіп бұзушылардың көпшілігі ҚР азаматтары: 980 адам. Сондай-ақ ТМД елдерінің 74 азаматы ұсталды, оның ішінде Өзбекстанның 38, Ресейдің 11, Қырғызстанның 9, Тәжікстанның 13, Түрікменстанның 1 азаматы.

ҚР-да есірткі қылмысы бойынша ТМД-ның қай елдерінің азаматтары жиі ұсталады?