2022 жылдың төртінші тоқсанында елде 9 млн-ға жуық жұмыспен қамтылған адам болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,7% көп. Қалада жұмыспен қамтылғандар саны 4,6% өсіп, 5,5 млн адамға жетті, ал ауылдық жерлерде 2,4% азайып, 3,5 млн адамды құрады.
Барлық жұмыспен қамтылғандардың 94,5%-ы негізгі жалғыз жұмыс, 4,2%-ы негізгі жұмыс, жеке шаруашылық және қосымша жұмыс, тағы 1,3%-ы негізгі және қосымша жұмыс істейді.
Білім деңгейі бойынша 4 млн адамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, 4,4 млн адамның техникалық және кәсіптік білімі, 582,6 мың адамның бастауыш, негізгі, жалпы орта білімі бар.
