Жосықсыз құрылыс компаниясының желісіне қалай түсіп қалмауға болады?

Фото: https://www.shutterstock.com/

2021 жылы келісімнің рекордтық саны (606,1 мың) тіркелді, оның бір себебі ел тұрғындарының зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу үшін пайдалану мүмкіндігіне ие болғаны. Ажиотаж биылғы сәуір айына дейін, яғни зейнетақы қорының жеткіліктілігінің шекті межелері көтерілгенше жалғасты. Осы кезеңде мыңдаған адам мүлік сатып алды.

Тұрғын үйге сұраныс өскен сайын ұсыныс та көбейеді. Алайда, жосықсыз компаниялардың болуы тұрғындардың жинақ ақшасын жоғалту қаупін арттырады. Бүгінде күмәнді құрылыс компаниялары мәселесі әлі де өзекті және кез келген қазақстандық оларға жем болуы мүмкін. ИИДМ мәліметінше, қазіргі уақытта үлестік құрылыстағы бақылау құрылыс компанияларын бақылаумен және заң талаптарын сақтамағаны үшін төмен айыппұлдармен шектеледі. Бұл кейбір компанияларға сұр схема бойынша жұмыс істеп, азаматтармен заңсыз келісімшарттар жасауды жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Dom.kz порталы.

Қазір Қазақстанның алты облысында 50 проблемалық нысан бар. Астанада — 21, Ақтөбе облысында — 11, Атырауда — 6, Маңғыстауда — 5, Ақмолада — 4, Алматыда — 3. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2023 жылы 27 нысанның мәселесі толық шешіледі деп отыр.

Жалпы, алданған үлескерге айналмау үшін құрылыс компанияларының тарихын, осы құрылыс компаниясының жұмыс істеген мерзімін, дефолттардың болмауын, басқа салалардағы (инфрақұрылым немесе өнеркәсіптік) жобалардың жүзеге асырылуын және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі зерделеу қажет. Өзіңізді қылмыстық фирмалардан қорғауға көмектесетін пайдалы әрекеттер алгоритмін, мысалы, Krisha.kz ұсынады. Сонымен қатар, құрылыс компанияларына қойылатын мемлекеттік талаптар күшейтілді: құрылыс салушы нысанды аяқтауға жеткілікті қаражаты болмаса (оның ішінде тұрғын үй кешенінің қаңқасы салынбаған болса) пәтерлерді сатуды аша алмайды. Сонымен қатар, Бірыңғай оператор мен банктің кепілдіктері болуы керек, оларды берген кезде компанияның жағдайы бағаланады.