Биылғы сәуір айының қорытындысы бойынша, жолаушылар теміржол көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 26,9% өсті. Қала маңындағы пойызда жол жүру ақысы 25%, республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында — 28,2%, республикаішілік пойыздың купе вагонында — 27,5% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Шымкентте тіркелді: бір жылда бірден 73,8%. Одан кейінгі орында Жетісу (46,8%) және Қызылорда (39,6%) облыстары.
Бағаның ең аз өсуі Шығыс Қазақстан (4,5%), Ақтөбе (10,4%) облыстарында және Алматыда (12,7%) байқалды.
