Халықаралық ЖЭК агенттігінің (IRENA) жаңартылатын энергия көздері және жұмыс орындары туралы есебіне сәйкес, 2022 жылы әлемде осы салада 13,72 млн адам жұмыс істеді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,3% көп (12,67 млн адам). 10 жыл ішінде жаңартылатын энергетика саласындағы жұмыс орындарының саны 60,7% өсті.
Бұл ретте жаңартылатын энергия секторында жұмыс істейтіндердің үштен бірінен астамы күн фотоэлектр өнеркәсібінде болды: 4,9 млн адам — 2021 жылмен салыстырғанда 14,2% көп. Жаңартылатын энергия технологияларының ішінде күн фотоэлектрлік өнеркәсібі ең жылдам дамып келе жатқан сала. Айтпақшы, бұл жұмыстар орындарының 40%-да әйелдер.
Тағы 3,58 млн адам биоэнергетика саласында жұмыс істеді, оның ішінде 2,5 млн адам биоотын өнеркәсібінде жұмыс істеді. Гидроэнергетика саласында 2,49 млн адам жұмыс істеді, оның үштен екісіне жуығы пайдалану мен жөндеуде, 30%-ы құрылыс-монтажда, 6%-ға жуығы құрамдас өндірісте болды.
Дүние жүзіндегі жаңа жел электр қуатының жартысы және күн фотоэлектр қуатының 45%-ы Қытайда, бұл таңқаларлық емес, өйткені онда дүниежүзілік ЖЭК саласындағы жұмыспен қамтылғандардың 40,4%-ы шоғырланған: 5,55 млн адамның 2,76 млн-ы күн фотоэлектр саласында жұмыспен қамтылған.
Жалпы, Азияның ЖЭК саласындағы жұмыспен қамтылғандар әлемдік көрсеткіштің 61,6%-ын құрады. Қытайдан басқа Үндістанда да көрсеткіш жоғары: 988 мың адам.
ЕО елдерінде бұл секторда 1,64 млн адам жұмыс істеді, сондай-ақ Бразилия (1,4 млн адам) және АҚШ (994 мың адам) та алдыңғы қатарда.