Заңсыз аңшылық, қатыгездік және басқа да жануарларға қарсы қылмыстар: Қазақстанда жыл қалай басталды?

Фото: https://www.shutterstock.com/

52 просмотров

2022 жылдың қаңтарында тіркелген жануарларға көрсетілген қатыгездікке қатысты қылмыс саны бір жыл бұрын 5 болса, биыл 8-ге жетті.

Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру саласындағы құқық бұзушылықтар өткен жылдың қаңтар айында 9 болса, биыл олардың саны 11.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу саласында бір жыл бұрын 12 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, биыл олардың саны 17.

Заңсыз аңшылық саласындағы құқық бұзушылықтардың саны, керісінше, 2021 жылғы қаңтардағы 17 жағдаймен салыстырғанда 12 жағдайға дейін азайды.

Заңсыз аңшылық, қатыгездік және басқа да жануарларға қарсы қылмыстар: Қазақстанда жыл қалай басталды?