2022 жылға арналған халықаралық ESG рейтингі бойынша Қазақстан 38,68 ұпаймен 183 елдің арасында 53-орынға ие болды.
Бұл ретте ел өңірдегі ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көшбасшыға айналды. Қалған елдер ҚР-дан айтарлықтай артта қалды: мысалы, Армения жалпы рейтингте небәрі 65-орын, Қырғызстан — 67, Беларусь — 79, Ресей — 92, Түрікменстан — 94, Өзбекстан — 100, Тәжікстан — 115 орын алды.
Осылайша, Қазақстан бұл бағытта біршама алға жылжыды, ал ҚР бизнесі тұрақты даму мақсаттары мен ESG-ді жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуда.