Тамақ бағасы қалай болып жатыр?

Фото: https://www.shutterstock.com/

38 просмотров

Биыл тамыз айының соңында азық-түлік тауарларының бағасы жалпы барлық санат бойынша бір айда өзгерген жоқ, жыл басынан бері 5,9%өсті. Ал бір жылда, яғни 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда 12,4% қымбаттады.

Өңірлер бойынша ай сайынғы динамика бойынша еліміздің 20 өңірінің 9-да баға өсті, 3 өңірде бұрынғы деңгейде қалды, ал 8 өңірде төмендеді. Бағаның ең көп айлық өсуі Ақмола облысында (0,9%), ең көп айлық төмендеуі Ақтөбе облысында (0,8%) байқалды.

Жыл басынан бері бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында (9,2%), ең азы Шымкентте (3,1%) тіркелді.

Жылдық динамика бойынша бағаның ең көп өсімі елордада тіркелді: 16,2%. Одан кейін Ұлытау (16,1%) және Қызылорда (14,3%) облыстары. Бағаның ең аз жылдық өсімі Шымкент қаласында байқалды: 9,7%.

Тамақ бағасы қалай болып жатыр?