Былтыр қаңтар–желтоқсан қорытындысы бойынша, елімізде салық саласында 257,2 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,5% аз.
Көбіне мұндай құқық бұзушылықтар «Салық есептілігін ұсынбау немесе толық емес және анық емес мәліметтерді ұсыну» бабы бойынша жасалған: 173,9 мың іс немесе салық саласындағы барлық әкімшілік құқық бұзушылықтардың 67,6%-ы.
Одан кейін «Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау» (31,5 мың іс) және «Салық агентінің салықты ұстау және аудару жөніндегі міндеттерін орындамауы» (20,2 мың іс) баптары бойынша құқық бұзушылықтар тұр.