Пиротехникалық құралдарды негізсіз пайдалану мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып отыр. Мысалы, АҚШ-тың Тұтыну өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы (CPSC) отшашумен байланысты жарақаттар санының айтарлықтай өсу үрдісін анықтады. CPSC есептеуінше, 2006 және 2021 жылдар аралығында АҚШ-та отшашудан жарақат алу 25%-ға өскен. 2021 жылы отшашулардан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 11,5 мыңға жуық адам жарақат алды.
2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда ҚР елді мекендерінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану бабы бойынша 92 әкімшілік құқық бұзушылық қаралды, бұл бір жыл бұрынғыдан 28,1% аз.
Оның ішінде 76 іс бойынша әкімшілік жаза қолданылса, қалған 16 іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Іс жүргізу басталған 76 істің 70-не айыппұл салынса, 6-на ескерту жасалды. Салынған айыппұл сомасы 3,4 млн теңгені құрап, 3,1 млн теңге өндірілді.
![Пиротехникаға құмарлар 3,4 миллион теңге айыппұл арқалады](https://ranking.kz/wp-content/uploads/2023/01/1kz-13.png)