Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша, өсімдік майының құны бір жылда 8,6% қымбаттады. Оның ішінде күнбағыс майы 8,3%, зәйтүн майы 20,6% қымбаттады.
Өңірлер бойынша өсімдік майы бағасының ең елеулі өсімі Қарағанды облысында болды: бір жылда 17,9%. Одан кейін Астана мен Маңғыстау облысында айтарлықтай қымбаттады. Бағаның ең аз жылдық өсімі Алматы облысында байқалды: 3,2%.
Күнбағыс майы негізінен Қарағандыда, зәйтүн майы Павлодар облысында қымбаттады. Күнбағыс майы бағасының ең аз өсімі Алматы облысында, зәйтүн майы Ұлытау облысында аз қымбаттады.