Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, нан бір жылда 8,6% қымбаттаған. Оның ішінде қара бидай мен бидай ұны наны бір жылда 12,7%, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 12,4%, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 5,8% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп жылдық өсімі Ұлытау облысында тіркелді: 20%. Одан кейін Маңғыстау облысы (17,6%) және Алматы (плюс 16,3%). Ең аз жылдық баға өсімі Батыс Қазақстан облысында байқалды: 2%.
Сектордағы тұтынуға келетін болсақ, биыл бірінші тоқсанда ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының үй шаруашылығына жасаған зерттеуіне сәйкес, бір адамға 876 грамм қара бидай және қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген наннан келді, бұл былтырғыдан 13,3% артық. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының тұтынылуы бір тоқсанда 7,1 кило, бір жылда 7,8% азайған.
Қара бидай мен бидай ұны наны қалалық жерлерде көбірек тұтынылды: жан басына шаққанда 918 грамм, ауылда 808 грамм. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны, керісінше, ауылдық жерлерде көбірек сұранысқа ие болды: бір тоқсанда жан басына 7,2 кило, қалада 7 кило.