Күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған тұлғалардың саны 301-ге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 25,4% артық. Оның ішінде қылмыс жасаған 243 тұлға анықталып, соның 159-ы сотқа жіберілді.
Мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында ең көп сыбайлас жемқорлыққа баратындар ішкі істер органдарының қызметкерлері: былтыр 15 адам болса, биыл 43 адам. Одан кейін әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (26 адам), Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері (3 адам) және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері (3 адам), Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері (3 адам) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері (3 адам).