Былтыр қаңтар-қарашада мемлекеттік бюджет табысы бір жылда 20,4% көбейіп 22,2 трлн теңге болды.
Табыстың басым бөлігі дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетке салық түсімдері есебінен түсті — 74,8% немесе 2023 жылдың он бір айында 16,6 трлн теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,9% артық. Оның ішінде қосылған құн салығы — 5,3 трлн теңге, корпоративтік табыс салығы — 3,9 трлн теңге, жеке табыс салығы — 1,8 трлн теңге, әлеуметтік салық — 1,2 трлн теңге, акциздер — 764,4 млрд теңге болды.
Салықтық емес түсімдер бір жылда 2,6 есе өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Негізгі капиталды сатудан түскен табыс 28,1% азайып, 147,3 млрд теңге болды.
Бұл ретте трансферттердің түсімдері 3,9 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5% аз.