Биыл қаңтар-ақпан айларында елімізде өрт қауіпсіздігі саласында 47 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл былтырғы қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 17,5% көп.
Секторда ең көп бұзушылық Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: бір жыл бұрын 5 жағдай болса, қазір 6 жағдай.
Одан кейін Ақтөбе облысы мен Астана (әрқайсысында 5 жағдай), Шымкент пен Жетісу облысы (әрқайсысында 4 жағдай) да аталған қылмыс түрі көп тіркелген өңірлер. Осы бестік тиісті кезеңдегі барлық құқық бұзушылықтардың тең жартысын құрады.
Заң бұзушылықтар еліміздің 20 өңірінің 17-де тіркелді. Абай, Қостанай және Ұлытау облыстарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бірде-бір бұзылуы анықталған жоқ.
