2023 жылдың қаңтар–шілдесінде мемлекеттік бюджеттің шығыны 2022 жылдың жеті айымен салыстырғанда 25% артып, 14,5 трлн теңгеге жетті.
Мемлекеттік бюджет шығынының ең көп бөлігі білім беруге жұмсалды: 3,2 трлн теңге, бір жылда 22% өскен. Жалпы шығынның 22,2%-ы.
Шығынның тағы 20,9%-ы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалды: 3 трлн теңге — былтырғыдан 17,6% көп (жалпы шығынның 20,9%-ы).
Одан кейін денсаулық сақтау саласының шығыны: 1,3 трлн теңге, 19% көбейген (мемлекеттік бюджеттің барлық шығынының 9,2%-ы).
Қарызға қызмет көрсетуге 1,3 трлн теңге жұмсалды, бір жыл бұрын 979,4 млрд теңге болған. Жылдық өсім 37,8%.