Қазақстан мен Еуропа елдерінің, сондай-ақ АҚШ-тың тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, 1000 адамға шаққандағы тұрғын үй нысандарының санын есептегенде Қазақстан рейтингтің ең төменгі жағында.
Бұл көрсеткіш бойынша ең жақсы нәтиже Хорватияда байқалады. Statista.com мәліметінше, 2022 жылдың басына қарай бұл елде 1000 адамға 604,5 тұрғын үйден келген. Бұл Қазақстандағыдан екі есеге жуық көп.
Рейтингтің ең соңында, жоғарыда айтылғандай, Қазақстан, ал Ұлыбритания бізбен шамалас: Біріккен Корольдікте 1000 адамға 354,8 мүліктен ғана келеді.
Салыстыру үшін: Ресейде тұрғын үймен қамтамасыз ету орташа деңгейде: 1000 адамға 473 тұрғын үй нысаны келеді.
Пандемияның үш жылында Қазақстанда 1,3 миллион сәби дүниеге келген. Олардың бәріне жақын болашақта үй керек.