ҚР-да тауарлар мен қызметтер бағасы бір айда 0,6%, бір жылда 14% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,6%, жыл басынан бері 5,8% және бір жылда 14% өсті.

Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында (1%), сондай-ақ Қарағанды ​​және Қызылорда облыстарында, Астана және Алматы қалаларында (өңірлердің әрқайсысында 0,8%) тіркелді.

Жылдық динамика бойынша тауарлар мен қызметтер бағасының ең үлкен өсімі тағы да Ұлытау облысы және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласында (өңірлердің әрқайсысында 15,4%), ал ең азы — Атырау облысында (11,8%) байқалды.

Ай сайынғы динамика бойынша, азық-түлік тауарлары — 0,1%, азық-түлік емес тауарлар — 0,7%, ақылы қызметтер — 1% қымбаттады. Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарлары — 13,5%, азық-түлік емес тауарлар — 15%, ақылы қызметтер — 13,6% қымбаттады.

Азық-түлік және алкогольсіз сусындар бір жылда 13,3% қымбаттады (бір айда өсім байқалған жоқ). Киім және аяқ киім бір айда 0,7%, бір жылда 15,2%; тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлері бір айда 1%, бір жылда 14,9%; денсаулық сақтау қызметтері бір айда 1%, бір жылда 17,5%; демалыс және мәдениет қызметтері бір айда 3,6%, бір жылда 16%; білім беру қызметтері бір айда 0,2%, бір жылда 13%; мейрамханалар мен қонақүйлер бір айда 0,5%, бір жылда 15,3% қымбаттады.

ҚР-да тауарлар мен қызметтер бағасы бір айда 0,6%, бір жылда 14% қымбаттады