Биыл қыркүйекте кабельдік телевизия қызметі бір жылда 3,3% арзандады. Бұл ретте еліміздің 20 өңірінің 12-де баға өзгерген жоқ. Бағаның төмендеуі Алматыда (10%) және Шығыс Қазақстан облысында (3,7%) ғана байқалды.
Бұл ретте бес облыста кабельдік телевизия қызметінің қымбаттауы байқалды: Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Ұлытау және Маңғыстау облыстары.
Өз кезегінде спутниктік телевидение қызметі бір жылда 6,1% қымбаттады. Бағаның ең көп өсімі Атырау (36,1%), Абай (19,6%) және Шығыс Қазақстан (17,4%) облыстарында байқалды.