Биыл қаңтар–қыркүйекте денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 209,4 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан ақшалай түрде 50,7% артық. ФКИ 144,6%, бұл секторға нақты инвестицияның өскенін көрсетеді.
Салыстыру үшін: 2022 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция көлемі 138,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар–қыркүйек айларымен салыстырғанда құндық мәнде 15,6% артық.
Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша, инвестицияның 42,7 %-ы меншікті қаражат есебінен қамтамасыз етілді: 89,5 млрд теңге — былтырғыдан 85,1% артық.
Инвестициялардың тағы 27,3%-ы жергілікті бюджет қаражаты есебінен құйылды: 57,1 млрд теңге, бірда 20,9% өскен. Республикалық бюджеттен бөлінген инвестиция көлемі бір жылда 64,5% өсіп, 52,2 млрд теңгеге, банк несиелері 1% өсіп, 4,9 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте банктік емес қарыз қаражат 15,2%, 5,7 млрд теңгеге дейін қысқарды.