ҚР-да бір жылда нан 19% қымбаттады

Фото: https://www.shutterstock.com/

63 просмотров

Биыл қаңтар айында нан бағасы бір жылда 19,2% өсті. Оның ішінде қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан 26,5%, келісіне 435 теңгеге дейін, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан — 27,8%, 348 теңгеге дейін, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан — 13,9%, 196 теңгеге дейін қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша нан ең қатты қымбаттаған өңір Ұлытау облысы: бірден 50,8%. Одан кейін Ақмола мен Маңғыстау облыстары. Баға ең аз, 9,9% ғана өскен өңір Атырау облысы.

Қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан ең қатты Қостанай облысында, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан — Маңғыстауда, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан Ұлытау облысында қымбаттады.

Елдегі ірі қалалардың ішінде қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан бағасы ең қымбат Петропавл, жоғары сұрыпты бидай наны ең қымбат Қарағанды, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан ең қымбат қала Қонаев. Ал қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан ең арзан қала Орал, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан ең арзан қала Атырауда, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан ең арзан қала Ақтөбе.

ҚР-да бір жылда нан 19% қымбаттады