ҚР-да баспана қажеттілгі айтарлықтай жоғары болып қалып отыр, әсіресе балалы отбасыларға

Фото: https://www.shutterstock.com/

Тұрғын үйге деген қажеттілікке келетін болсақ, ол шын мәнінде елде өте жоғары деңгейде қалып отыр. Айталық, отбасылардың 70%-дан астамы бір адамға 20 шаршы метрден аспайтын тұрғын үйлерде тұрады Еске салайық, БҰҰ стандарттары бойынша, көрсеткіш кем дегенде 30 шаршы метр болуы керек.

Оның үстіне, екі адамнан тұратын отбасылардың әрқайсысында 20 шаршы метрден келетін жағдай жиі кездеспейді (үй шаруашылықтарының 54,9%-ы ғана), ал жас отбасында балалардың туылуымен жағдай күрт нашарлайды. Осылайша, үш адамнан тұратын үй шаруашылықтарының (мысалы, ата-анасы мен бір баласы) 80%-дан астамы бір адамға 20 шаршы метрден аз үйде тұрады. Ал екі балалы ерлі-зайыптылардың үйінде жан басына шаққанда 20 шаршы метрге жетпейтіндердің үлесі тіпті 90% шамасында.

Ең сорақысы, төрт адамнан тұратын отбасылардағы қазақстандықтардың шамамен 7%-ы және бес және одан да көп адамнан тұратын отбасылардың 9%-ы жан басына шаққанда 5 шаршы метрлік қана үйде тұрады.

Жалғыз тұратын қазақстандықтар арасында мұндай жағдай кездеспейді, балалары жоқ ерлі-зайыптылар арасында кездеспейді деуге болады. Осының барлығы қазақстандықтардың бала тәрбиелеуіне кедергісін келтіреді, демографияға теріс әсер етуі мүмкін және жалпы әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін.

ҚР-да баспана қажеттілгі айтарлықтай жоғары болып қалып отыр, әсіресе балалы отбасыларға