Бағаға келетін болсақ, биыл қарашаның соңында ҚР-да аяқ киім бір жыл ішінде 13,1% қымбаттады. Оның ішінде ерлер аяқ киімі 12,4%, әйелдердікі — 12,8%, балалардікі — 14,6% қымбаттады.
Өңірлер бойынша баға Маңғыстау облысында ең көп қымбаттады: 24,8%. Одан кейін Түркістан (19,4%), Жамбыл (15,8%), Қарағанды (15,3%) және Қостанай (15%) облыстары.
Бағаның ең аз жылдық өсімі Жетісу (5,6%), Алматы (7%) және Ұлытау (7,2%) облыстарында тіркелді.