2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша төлқұжат күші бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 97 елден 53-орынға ие болды. Рейтингке БҰҰ-ға мүше 193 ел мен 6 аймақ қатысты (бір орынды бірнеше мемлекет алады).
ҚР-ның индексі 91 болды (көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, елдің төлқұжаты соғұрлым күшті). Қазақстан төлқұжаты бар азаматтар 39 елге визасыз бара алады, тағы 52 елге кірген кезде виза ала алады, ал 107 елде қазақстандықтарға виза қажет. Бір қызығы, ҚР Тынық мұхитындағы ергежейлі арал мемлекет Наурумен қатар тұр.
Әрбір төлқұжаттың жеке санатын анықтау үшін рейтинг сарапшылары үш деңгейлі әдісті қолданды:
- Мобильдікті бағалау (MS) — визасыз режим (VF), визаны келген кезде алу (VOA), кіруге электронды рұқсат (eTA) және 3 күн ішінде берілетін электронды визаны (eVisa) қамтиды.
- VF және VOA ұпайлары.
- БҰҰ Даму Бағдарламасының Адам дамуының индексі (қосымша критерий ретінде пайдаланылады).
Әлемдегі ең мықты төлқұжат БАӘ азаматтарында. Оларға 125 елде визасыз режим бар, тағы 55 елде визаны келген кезде алуға болады, тек 18 елде виза қажет.
Рейтингтің ортасында 45-орында 101 индекспен Шығыс Тимор мен Бахрейн орналасқан.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан паспорты Украина*, Ресей, Молдова және Беларусь паспорттарынан төмен; бұл ретте Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның төлқұжаттарына қарағанда біздің төлқұжатымыз мықтырақ.
* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.