Биыл бірінші жартыжылдықта ҚР-да 53,7 мың неке құрылды, былтыр осы уақытта 55,1 мың болған. 2022 жылы жалпы 128,4 мың жұп отбасын құрды. Бір қызығы, қазірдің өзінде бұл жас отбасылардың арасында 21,6% ерлер 16,6% әйелдер 35 жастан асқан, тиісінше, жас жұбайлар ретінде саналмайды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 14–35 жас аралығындағы азаматтар жастар санатына жатады.
Бұл үрдіс өте тұрақты: салыстыру үшін, 2021 жылы некеге тұрған 35 жастан асқан ерлер үлесі 20,3% болды, сол жастағы әйелдердің үлесі 15,5%, ал 2012 жылы тиісінше 13,8% және 8,7% болды. Осылайша, ҚР-да «жас отбасы» ұғымы уақыт өте түрленіп барады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша, ер адамдар үшін ҚР-да алғашқы некеге тұрудың орташа жасы 28 жыл болды, ал он жыл бұрын 26,9 ғана болған. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш соңғы он жылдықта 24,4 жастан 25,2 жасқа дейін өсті.
Айта кету керек, бұл жерде біз бірінші неке туралы айттық, ал қайта некеге тұру көбінесе 30 жастан асқанда болады. Яғни, көптеген қазақстандықтар кеш үйленеді.