Қазақстанды орталық сумен қамтамасыз ету деңгейі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 96,8%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭГТРМ) Су ресурстары комитеті. Қалған 3,2% пайыз былай аз болып көрінгенімен, бұл 600 мың адам. Осыншама адам, тиісті мекеменің мәліметінше, былтыр жыл аяғындағы мәлімет бойынша, су құбырына қосылмаған, яғни ауыз суды өзеннен немесе сорғыдан арбамен тасып ішіп жүр.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының есебінше, соңғы бес жылда халықты сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейі айтарлықтай өсті. Су мәселесіне бас қатырмайтын қала тұрғындарының үлесі 2017 жылғы 90%-дан 2022 жылы 98,4%-ға дейін өсті. Ауыл тұрғындары арасында, ресми деректерге сүйенсек, динамика күшті: 55%-дан 94,5%-ға дейін.
Цифрландырудың, криптоиндустрияның және Big Data-ның қазіргі дамыған кезінде суды тасып ішетін елді мекендер саны көп. Нақтырақ айтсақ, әрбір төртінші қазақ ауылы халықты 100% сумен қамтылмаған. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) мәліметінше, былтыр 6,3 мың ауылдың 4,9 мыңында ғана бұл мәселе толық шешілген. Бұл жалпы ауылдандың 77,8%ы ғана.
Қалаларда сумен қамтамасыз ету мәселесі сәл басқаша. Еліміздегі 89 қаланың 64-де ғана тұрғындар толық сумен қамтылған. Қалған 25 қалада сумен қамтылмаған тұрғындар бар. Бұл шағын моноқалаларға ғана емес, мегаполистерге де қатысты. Елдегі үш мегаполистің ешқайсысында халық орталық сумен 100% қамтылмаған. Шымкентте бұл көрсеткіш 98,5%, Алматыда 99%, Астанада 98,9%.