Биыл қаңтар айында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2 млрд АҚШ долларына жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 17,6% артық.
Тауар айналымының басым бөлігін импорт құрады: жыл басынан бері Қазақстан Ресейден 1,1 млрд АҚШ долларының тауарын импорттады, алайда бұл былтырғымен салыстырғанда 0,5% аз. Ал ҚР-ның РФ-ға экспорты 52,5% өсіп, 869,6 млн АҚШ долларына жетті.
Қазақстанның жалпы тауар айналымы құрылымында Ресейдің үлесі 19,2%, импорт құрылымында — 26,5%, экспорт құрылымында — 14,3%-ды құрады.
РФ-дан ҚР-ға импорттың ең танымал санаттары металдар мен олардан жасалған бұйымдар (251,1 млн АҚШ доллары), АӨК өнімдері және азық-түлік өнімдері (213,5 млн АҚШ доллары), сондай-ақ машиналар, құрылғылар мен жабдықтар (203,1 млн АҚШ доллары).
Ал Қазақстан Ресейге химия өнеркәсібінің өнімдерін (320,3 млн АҚШ доллары), машиналар мен жабдықтар (209,5 млн АҚШ доллары), сондай-ақ металдар мен олардан жасалған бұйымдар (147,4 млн АҚШ доллары) көп сатады.