Биыл қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша, Қазақстанда 18,5 мың кибершабуыл тіркелді, бұл былтырғыдан 56,2% көп.
Салыстыру үшін: 2022 жылдың осы кезеңінде мұндай шабуыл саны бір жылда 21,9% азайып, 11,8 мың болған.
Биыл кибершабуылдың көбі компьютерлерді зиянды вирустарға, желілік құрттарға және трояндармен жұқтыруға қатысты: 3 мың жағдай, бір жылдағы өсім 71,2%.
Ботнеттер (3 мың жағдай), интернет-ресурсқа қосыла алмау (813 жағдай), фишинг (628 жағдай), рұқсатсыз кіру және интернет-ресурс мазмұнын өзгерту (317 жағдай), қызмет көрсетуден бас тарту (118 жағдай) сияқты оқиғалар жиі байқалды.
