Қазақстан ТМД елдері арасында халықтың калория тұтынуы бойынша көшбасшылардың қатарында

Фото: https://www.shutterstock.com/

27 просмотров

Our World in Data деректеріне сәйкес, 2020 жылдың аяғында Қазақстан жан басына шаққанда орташа есеппен тәулігіне 3,4 мың ккал тұтынған, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,4% артық.

ТМД елдерінің ішінде тұтынудың жоғары деңгейі Молдовада, Ресейде және Арменияда байқалды. Төменгі көрсеткіштер Әзірбайжанда (тәулігіне жан басына шаққанда 3,4 мың ккал), Беларусьте (3,2 мың ккал), Украинада (3 мың ккал), Тәжікстанда және Түрікменстанда (әрқайсысы 2,8 мың ккал), Қырғызстанда (2,7 мың ккал) тіркелді.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылдың аяғында ҚР халқы жан басына шаққанда орта есеппен 3 мың ккал тұтынған, бұл былтырғыдан 5,1% аз. Соның ішінде қалалық жерде бұл көрсеткіш 2,8 мың ккал, ауылдық жерде 3,1 мың ккал болды. Бұл ретте ең төменгі қажеттілік жан басына шаққанда тәулігіне 1,9 мың ккал болды.

Өңірлер бойынша ең жоғары калориялы тағамды Түркістан облысының тұрғындары тұтынған: бір адамға тәулігіне 3,5 мың ккал. Үздік үштікке Алматы және Жетісу облыстары да кірді: жан басына шаққанда тәулігіне 3,4 мың ккал. Аз көрсеткіш Шымкент (2,4 мың ккал), Астана (2,5 мың ккал) және Атырау облысында (2,6 мың ккал).

Сонымен қатар, жоғары калориялы тамақ ішу деген теңдестірілген және пайдалы тамақтану дегенді білдірмейді. Калорияға қарап ел немесе өңір халқының тамақтану сапасы туралы қорытынды жасауға болмайды.

Қазақстан ТМД елдері арасында халықтың калория тұтынуы бойынша көшбасшылардың қатарында